МиГ-29 ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат- Ресейдің Астрахан облысы Приволжский ауданында МиГ-29 ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бір адам бақилық болды, деп хабарлайды tvc.ru.
«Привольже ауданында әуежай маңында Астрахан қаласынан 30 шақырым қашықтықта МиГ-29 ұшағы құлады», - делінген құқық қорғау органдарынан келіп түскен ақпаратта.
Өз кезегінде Ресейдің ІІМ апат Нариман ауданында орын алды деп отыр. Ол жерде де бір адам қаза тапты деген ақпар бар.
Аталмыш оқиғаның жай-жапсарлары анықталуда.