МиГ-29 жойғыш ұшағы Мәскеу маңындағы елді мекенге құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - МиГ-29 оқу-жаттығу жойғыш ұшағы Мәскеу облысында апатқа ұшырады. Екі ұшқыш та катапульт жасап үлгерді, деп хабарлады ІІМ облыс бойынша басқармасынан.
Ұшқыштар ауруханаға жеткізілді. Ұшақ толық қираған.
МиГ-29 ұшағының Мәскеу маңында құлауы себебінің негізгі нұсқасы - техникалық ақаулық. Ұшақты басқару кезінде кеткен олқылық та қарастырылуда. Оқиға Воскресенск ауданы Чемодурово елді мекені маңында орын алған, деп хабарлайды Би-би-си.