МиГ-31 апатына жауапты ресейлік зауытта отандық тағы үш ұшақ күрделі жөндеуден өтуде

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - «МИГ-31Б» ұшағының апатына жауапты Ржевск қаласындағы «514-м» авиажөндеу зауытында Қазақстанның тағы үш ұшағы күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгінгі баспасөз-мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сорокин мәлім етті.

Оның айтуынша, Қарағандының түбінде апатқа ұшыраған «МИГ-31Б» ұшағына Ржевск қаласындағы «514-м» авиажөндеу зауыты жауапты. Себебі сол ұшақты күрделі жөндеуден өткізген зауыт оның дұрыс жұмыс істеуіне екі жыл кепілдік берген. «Бүгінде аталған зауыттан бізге екі ұшақ келді. Оған қоса, тағы үш ұшақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр», - деп атап көрсетті А.Сорокин.

Айта кетейік, бүгінде «МИГ-31» үлгісінде ұшақтар тек Ресей мен Қазақстанда ғана бар. Әуе қорғанысына арналған бұл техниканың жылдамдығы сағатына 3 мың шақырымнан асады.

Соңғы жаңалықтар