МиГ-31-дің Жауынгерлік парад дайындығына еш қатысы жоқ - Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - МиГ-31 ұшағының ұшуы 7 мамырда өтетін Жауынгерлік парадқа қатысты орын алған жоқ.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен брифинг барысында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин мәлім етті.

Ұшулардың Жауынгерлік парадқа дайындық іс-шараларына еш қатысы жоқ екендігін айтқан ол: «Жаттығулар ұшу құрамының жауынгерлік кезекшілікті жүргізу дайындығы жоспарына сәйкес орындалған болатын. Ұшқыштар кез келген ауа райы жағдайында, тәуілктің кел келген уақытында жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын болуы керек», - деді.

Бас қолбасшының атап өтуінше, экипаж кез келген ауа райы жағдайында күні-түні ұшуға дағдыланған. Олардың ұшу элементтерінің барлық жаттығуларын орындауға рұқсаты бар.

Соңғы жаңалықтар