МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауын тексеру бойынша мемлекеттік комиссия құрылды

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауын тексеру бойынша мемлекеттік комиссия құрылды.

МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауын тексеру бойынша мемлекеттік комиссия құрылды

Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен брифинг барысында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин мәлім етті.

«Қазіргі кезде ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен мемлекеттік комиссия құрылды»,- деді ол.

А.Сорокиннің атап өтуінше, МиГ-31 ұшағына күрделі жөндеу жасаған Ржев қаласындағы авиажөндеу зауытының мамандары, РФ ұшу қауіпсіздігі қызметінің мамандары және РФ Авиация өнеркәсібі министрлігінің өкілдері шақырылған.

«Олар біздің мемлекеттік комиссиямен бірлесіп, авиациялық апаттың себеп-салдарын тексереді. Комиссия жұмысының нәтижелері туралы, апаттың себептері жайлы қосымша хабарланады», - деді Бас қолбасшы.