«МиГ» ұшақтарының конструкторы Ростислав Беляков дүниеден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты әлемге мәшһүр авиациялық конструктор, "МиГ" ұшақтарының құрметті бас құрастырушысы Ростислав Беляков 95 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Интерфакс "МИГ" РҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ростислав Аполлосович Беляков созылмалы сырқатынан кейін 28 ақпанда дүние салды", - делінген сенбі күні түскен хабарламада.