Мигель Котто: «Альварес пен Головкин өз кезегін күтуі тиіс»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық Дэниель Гилмен алдағы өтетін жекпе-жегіне арналған баспасөз конференциясында сөз сөйлеген пуэрторикалық орта салмақтағы WBC әлем чемпионы Мигель Котто (39-4, 32 КО) Сауль Альварес немесе Геннадий Головкинмен айқасқа шығатынын жоққа шығармады. Алайда қай кезде өтетіні жайлы ол ештеңе айтпады.

Мигель Котто: «Альварес пен Головкин өз кезегін күтуі тиіс»

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

«Өз мансабымда тек үздіктермен ғана айқасқа шықтым, - деді Котто журналистерге берген жауабында. - Сауль ел аузында жүрген, әлемдегі мықты боксшылардың бірі, алайда кейде маған өз мүмкіндігімді күтуіме тура келеді. Альварес те, Головкин де солай істеуі тиіс. Тек сабырмен өз кезектеріңді күтіңдер. Мен асықпаймын. Бәрі алда!»

Коттоның Гилмен (31-3, 16 КО) айқасы Бруклинде (АҚШ) 6 маусымда өтетінін еске саламыз.