Мигель Котто Головкиннің бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

АСТАНА. Қазақпарат - WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, орта салмақтағы 34 жастағы пуэрторикалық былғары қолғап шебері Мигель Котто 6 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) титулын қорғамақ.

Мигель Котто Головкиннің бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

Бұл туралы sports.kz. хабарлады.

Оның қарсыласы - орташа салмақтағы әлемнің экс-чемпионы 34 жастағы австралиялық Дэниэл Гил. Алдын ала ақпарат бойынша айқас орта салмақ деңгейінен сәл төменірек салмақта өтуі мүмкін.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин австралиялықпен өткен жылы жазда жекпе-жекке шығып, Жасыл құрлық өкілін нокаутқа жіберген болатын.