«Мигрант» шарасы аясында Алматыда заңсыз жүрген 1500 шетелдік азамат ұсталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ -«Мигрант» шарасы аясында Алматыда заңсыз жүрген 1500 шетелдік азамат ұсталды.

«Мигрант» шарасы аясында Алматыда заңсыз жүрген 1500 шетелдік азамат ұсталды

Оның 1372-сі Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан азаматтары болса, 128-і - алыс шетелден келгендер. Осы күндері полицейлер сот шешімімен 170 азаматты ел аумағынан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаладағы базар, құрылыс нысандары, оқу орындары мен басқада мекемелерге жіті тексеру жұмыстары жүргізілді. Негізінен шетелдік еңбек күшін пайдаланушы 67 мекеме мен ұйым және шетелдіктер білім алатын 34 білім ордасы тексерілді. Тексеру жұмыстары барысында жеке төл құжаты жоқ 98 ТМД елдерінің азаматтары тіркелініп, көшеде қайыр сұраумен айналысатындар ұсталды", дейді Алматы қаласы ІІД көші-қон полиция басқармасының бастығы Марат Кезембаев.

Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтарды жұмысқа тартатын өз отандастарымыздың да заң бұзушылықтарға жол бергендігін әшкереледі. Жеке құрылыстағы жұмыс берушілердің көбі жұмысшыларды тағамдандыру кезінде немқұрайлық танытады екен.

«Аталмыш жедел-алдын алу шарасы негізінде 592 тұлға ҚР-ның әкімшілік жауапкершілігіне тартылды, оның ішінде 487-сі құжатсыз тұрып жатқан азамат, 84-ті шетелден заңсыз келгендер, сонымен қатар заңсыз түрде шетел азаматы күшін қолданған 21 заң бұзушылық айқындалды.

Шетел азаматтарының күшін қолданатын әрбір жұмыс беруші салық төлеуден жалтаруды ойлағанша көши-қон заннамасын білгені жөн. Осындай келенсіздіктердің алдын алу үшін сонғы бес жылда профиликтикалық және түсіндірме шаралары жүргізіліп келеді», деп атап өтті полковник М.Кезембаев.

Сондай-ақ осы шара барысында Алматы полицейлері аса ауыр қылмыс жасап, халықаралық іздеуде жүрген 3 азаматты құрықтаған.