«Мигрант» шарасының екінші кезеңінде елімізге келу заңнамаларын бұзғаны үшін 14 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мигрант» операциясының барысында елімізге келу заңнамаларын бұзғаны үшін 14 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 21-і мен 25-і арлығында көші-қон заңнамаларын бұзушыларды анықтау мақсатында «Мигрант» операциясының екінші кезеңі жүрді. Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұмановтың мәліметтеріне қарағанда, шара аясында елімізге заңсыз келгені және елде болу мерзімін бұзғаны үшін сот шешімінің негізінде
2 мыңнан астам шетелдік еліміздің аумағынан шығарылды.