Мигранттардың фотобейнесі жылдың үздік суреті атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «World Press Photo» байқауында африкалық мигранттардың бейнелері үздік фотосурет болып танылды.

Мигранттардың фотобейнесі жылдың үздік суреті атанды

Америкалық фотограф Джон Стэнмейер түсірген бұл фотосуретте Джибутидегі жағалауда ер азаматтар өздерінің ұялы телефондарын ұстап, қолдарын аспанға қарай созған бейнесі көрсетілген. Яғни, олар осы әркеті арқылы көршілес Сомалидегі арзан байланыс желісіне қосылуға талпынып тұрған көрінеді.

«Бұл өздерінің жақындарына телефон шалуға талпынып тұрған қарапайым адамдар»,-деп түсіндірді Джон Стэнмейер.

Айта кетейік, жақсы өмір іздеген мыңдаған африкалықтар Еуропаға немесе Таяу Шығысқа баруға тырысуда және олардың көбі осы жолда ажал құшып жатыр.

Жоғарыда аталған байқауға 100 мыңға жуық фотосурет ұсынылған екен.