08:13, 30 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Михаэль Шумахер әл үстінде жатыр...
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әйгілі автошабондоз, «Формула 1»-дің бірнеше дүркін жеңімпазы Михаэль Шумахер ауыр бас жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Оқыс оқиға Францияның тау шаңғысы курортында орын алды. Белгілі болғандай, танымал спортшы шаңғымен сырғанап жүрген кезінде аса ауыр жарақаттанған.