Михаэль Шумахер қайтадан чемпион болғысы келеді

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - "Формула-1″ тобындағы автожарыстан әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер спорттық мәртебесінде оған сегізінші титулды иелену мүмкіндігі бар екенін мойындайды.

Михаэль Шумахер қайтадан чемпион болғысы келеді

Қызыл баронның пікірінше, ол өзі қатысып жүрген "Мерседес Гран-придің" 2011 жылы "Ред Булл", "Феррари" және "Макларен-Мерседес" сияқты "ат қоралармен" терезесі тең бәсекелесе алады, деп жазады Вести.Ру.

"Менің ойымша, "Мерседес Гран-при" биылғы жылы жеңіске қол жеткізу үшін күресетін болады. Мақсатқа жету үшін өзім 100 пайыз дайындалудамын. Егер оған мүмкіндік болмаса, пилоттар чемпионатында, одан қала берді 2011 жылы Құрастырушылар кубогінде күш сынасуға, тіпті болмағанда өз арманымды 2012 жылы орындауға барымды саламын", - деді әлемнің жеті дүркін чемпионы.