22:49, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Михаэль Шумахер комада жатқан уақытында 20 келі салмақ жоғалтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Формула-1» жарысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер комада жатқан уақытында 20 келіге жуық салмағын жоғалтты. Бұл туралы неміс БАҚ-тары хабарлады.
«Ес-түссіз жатқан адам үшін салмақ жоғалту - ол қалыпты құбылыс», - деді Карлсбад госпиталінің кома бойынша маманы, медицина профессоры Курт Дием.
Оның сөзіне қарағанда, қимылсыз жатқандықтан спортшының бұлшық еттері жансызданып қалды. Еске сала кетсек, Франциядағы Мерибельде 2013 жылғы 29 желтоқсанда тау беткейінде шаңғы теуіп жүрген Шумахер құлап, басынан ауыр жарақаттанған болатын. 3 қаңтарда 45 жасқа толған шабандоз содан бері Гренобль госпитальдарының бірінде ес-түссіз жатыр.