Михаэль Шумахер өзінің отбасына 1 миллиард еуро өсиет етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ole басылымы 2010 жылы атақты неміс автошабандозы Михаэль Шумахер өсиет жазып, өзінің отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүлік және ақша қаражаттар түрінде бір миилард еуро қалдырғанын жазған.

Михаэль Шумахер өзінің отбасына 1 миллиард еуро өсиет етті

Спортшының өз отбасына өсиеті бойынша, ол қайтыс болғаннан кейін барлық дүние зайыбы Коринна Шумахердің, ұлы Миконың және қызы Джина-Марияның арасында тең бөлінеді, деп хабарлады «Актуальные новости» сайты.

Еске сала кетейік, аңызға айналған Формула-1 шабандозы Михаэль Шумахер қазір Гренобль ауруханасы дәрігерлерінің барлық күш-жігерін жұмсауына қарамастан, ес-түссіз жатыр, әзірге әлі оянған жоқ. Дәрігерлер Михаэль Шумахердің денсаулық жағдайын ауыр, бірақ та тұрақты деп бағалауда.