00:11, 13 Наурыз 2014 | GMT +5
Михаэль Шумахердің беті бері қарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі айдан бері ес-түзсіз жатқан автошабандоз Михаэль Шумахердің денсаулығында оң өзгерістер байқала бастады.
Бұл туралы оның менеджері Сабина Ким мәлім етті. Еске сала кетсек, Франциядағы Мерибельде 2013 жылғы 29 желтоқсанда тау беткейінде шаңғы теуіп жүрген Шумахер құлап, басынан ауыр жарақаттанған болатын. 3 қаңтарда 45 жасқа толған шабандоз содан бері Гренобль госпитальдарының бірінде, екі айдан бері ес-түссіз жатыр, деп хабарлайды «Новости».