Михаэль Шумахердің қызы Еуропа чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Формулы-1" жарысының жеті дүркін жеңімпазы Михаэль Шумахердің қызы Джина Мария атқа шабудан жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды Mirror.

Михаэль Шумахердің қызы Еуропа чемпионы атанды

Жарысқа әлемнің 9 елінен 46 спортшы қатысқан.

Сондай-ақ Джина Мария Германия құрамасына командалық есепте алға шығуға көмектескен.

Еске сала кетейік, Шумахердің кіші баласы Мик "Формула-4" автожарысына қатысады.

Ал Михаэль Шумахердің өзі 2013 жылдың желтоқсанында тау шаңғысын тебу кезінде басынан алған ауыр жарақатынан кейін ем алып жатыр.