Михаэль Шумахердің өсиетхатының құны миллиард еуроны құрады

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - «Формула-1» спортынан жеті дүркін әлем чемпионы бұл қадамға 2010 жылы Картахендегі авто жарыс кезінде жарақат алған соң барған, деп хабарлады РБК.

Михаэль Шумахердің өсиетхатының құны миллиард еуроны құрады

Аргентинаның Ole басылымы хабарлағандай, Шумахердің байлығы миллиард долларға бағаланып отыр. Оның қазынасының негізін қымбат көліктер мен жүлдеге келген сыйлықтар, сондай-ақ «демеушілік» келісімшарттары құрайды. Михаэль Шумахердің есімі 2012 жылы спорт әлеміндегі табысы жағынан америкалық гольфші Тайгер Вудстан кейін екінші орынға қойылған-ды.

Өсиетхаттың шарты бойынша шабандоз өлген жағдайда мұраға қалған миллиард еуро оның жұбайы мен екі баласына тең бөлініп беріледі.