Михаил Горбачев Барак Обамен кездесті

ВАШИНГТОН. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама мен вице-президент Джозеф Байден Ақ үйде Михаил Горбачевпен кездесті,

Михаил Горбачев  Барак  Обамен  кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Жұма күні болған олардың әңгімесі бір сағаттан астамға созылды. Бұл туралы сапар барысында КСРО экс-президентіне еріп жүрген «Горбачев қоры» президентінің көмекшісі мәлім етті. КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев АҚШ-тың жаңа мемлекет басшысы Вашингтонда қабылдаған бірінші ресейлік саясаткер. Әңгіме барысында әлемдегі жағдай және сәуірдің 1-інде Лондонда өтетін Барак Обама мен Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің кездесуінің қарсаңындағы екіжақты қарым-қатынас сөз болды.