Михаил Горбачев романстар дискін жазды

МӘСКЕУ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев марқұм зайыбын еске ала отырып, музыкалық диск жазды,

Михаил  Горбачев  романстар дискін   жазды
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Голос России» басылымына сілтеме жасап. «Песни для Раиси» деп аталатын альбомға Михаил Сергеевич әнші Макаревичпен бірге орындаған Раиса Максимовнаның сүйікті жеті романсы кіріп отыр. Бұл диск шектеулі тиражбен және Лондонда өткен аукционнан сату үшін шықты. Саудадан 2 миллионнан астам еуро кіріс түсті. Михаил Горбачевтің айтуынша, бұл қаражат лейкемиямен ауыратын балаларға көмекке жұмсалады.