Михаил Ходорковский CNN-ге сұхбат бермек

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түрмеден босап шыққан кәсіпкер Михаил Ходорковский CNN International компаниясына сұхбат бермек. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде күн сайынғы Amanpour бағдарламасының жүргізушісі Кристиан Аманпур жазды, деп хабарлады Росбалт.
None
None

«Жексенбі күні мен Михаил Ходорковскиймен бетпе-бет сұхбаттасамын. Бұл президент Путин босатқаннан кейінгі оның алғашқы сұхбаты болмақ», деп түсіндірді ол. Дегенмен Аманпурды түзетуге тура келеді - бұл Ходорковскийдің бүкіләлемдік ағылшынтілді аудиториядағы алғашқы сұхбаты болмақ.

Кристиан Аманпурдың бағдарламасы дүйсенбіден жұма күндеріне дейін кешке CNN International эфирінде шығады, бірақ та сұхбаттың үзінділері жексенбі күні де көрсетілуі мүмкін. ,

Бұдан бұрын Ходорковский ресейлік журналистерге - The New Times журналының бас редакторы Евгения Альбацқа, сондай-ақ «Дождь» телекомпаниясы үшін Ксения Собчакқа сұхбат берді. Ходорковскийдің өтінішімен «Дождь» телеарнасындағы сұхбат оның үлкен баспасөз мәслихатынан кейін ғана тұтастай көрсетіледі.

Михаил Ходорковский қазірде Берлинде жүр, бүгін күндіз ол Берлин қабырғасының тарихы мұражайында баспасөз мәслихатын өткізеді.

Кеше ол Берлинге келген ата-анасымен кездесті. ЮКОС-тың экс-басшысы Михаил Ходорковскийдің үлкен ұлы Павел «Адлон» қонақүйінің жанына жиналған журналистерге, енді олардың отбасы түгел жиналғанын мәлім етті. «Біздің отбасымыз енді ғана түгел қосылды. Біз өте-мөте бақыттымыз», - деді ресейлік бұрынғы кәсіпкердің Берлинге Нью-Йорктен ұшып келген ұлы.

Соңғы жаңалықтар