Михаил Кукушкин АТР рейтингінде үш орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой-теннисшілер қауымдастығы рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz .
Қазақстандық Михаил Кукушкин үш сатыға көтеріліп, 85-орында тұрақтады. ТОП-100-ге жақын тұрған Александр Бублик 143-орнын сақтап қалды.
Рейтингіні бұрынғыша британдық Энди Маррей көш бастауда, одан кейінгі орындарда сербиялық Новак Джокович пен швейцарлық Стэн Вавринка тұр.