Михаил Кукушкин Германиядағы турнирдің екінші айналымына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Галлада (Германия) өтіп жатқан ATP Gerry Weber Open сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлады Vesti.kz.

Михаил Кукушкин Германиядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Бірінші айналым ойынында қазақстандық теннисші чех спортшысы Иржи Веселыйды 6:1, 7:7, 7:5 есебімен жеңді. Матч екі сағат 18 минутқа созылды.

27 жастағы Кукушкин әлемнің 59-шы ракеткасы. Ал 21 жастағы Веселый АТР рейтингінде 46-шы орында. Теннисшілердің жеке қарсыласуында есеп тең болды -1:1.

Келесі айналымда Кукушкин француздық теннисші Гаэл Монфиспен кездеседі. Ол өз ойынында чехиялық Лукаш Росолды 6:3, 6:4 есебімен ұтқан болатын. Монфис турнирдің төртінші ракеткасы.