Михаил Кукушкин Хельсинкидегі турнирдің ширек финалына шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Хельсинкидегі челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Әлемнің 239-ракеткасы М.Кукушкин екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 298-орында тұрған ресейлік Евгений Карловскиймен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:4.

Екінші сетте есеп 4:2 болған кезде қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 6 эйс, 4 брейк жасап үлгерді.

М.Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 140-ракеткасы, германиялық Янник Ханфманн немесе рейтингте 153-сатыдағы ұлыбританиялық Райан Пенистонның біреуімен таласады.

Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев Жапонияның Кобе қаласында челленджер жарысының екінші айналымында әлемнің 84-ракеткасы, аустралиялық Кристофер О'Коннелмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің халықаралық турнирлерді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисші Грекиядағы турнирде жеңімпаз атанды.

Теннистен қазақстандық төреші күміс белгі иегері атанды.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар