Михаил Кукушкин Португалиядағы турнирді сәтті бастады

ОРАЛ. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 167-ракеткасы Михаил Кукушкин Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Кукушкин
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған италиялық Маттео Гигантемен сәтті өткізді.

Матч 6:4, 6:4 есебімен Кукушкиннің пайдасына шешілді.

Бір сағат 36 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық спортшы 2 эйспен бірген 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Гиганте 2 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Михаил Кукушкиннің келесі қарсыласы кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 257-сатыдағы Денис Евсеев алғашқы айналымда әлемнің 122-ракеткасы, америкалық Тристан Бойермен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Мюнхен турнирінде камбэкпен екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар