Михаил Кукушкин Томаз Беллуччи ойынды тоқтатқан соң Майамидегі «Мастерстің» үшінші айналымына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин бразилиялық Томаз Беллуччи ойынды тоқтатқаннан кейін Майамидегі (АҚШ) турнирдің екінші кезеңінен өтті.

 Михаил Кукушкин Томаз Беллуччи ойынды тоқтатқан соң  Майамидегі «Мастерстің»  үшінші айналымына өтті

Ойын үшінші сеттің басында тоқтатылды. Ол кезде есеп 5/7, 6/3 болған еді. Томаздың матчты не себепті жалғастырмағаны туралы ақпаратты жарыстың баспасөз қызметі хабарламады.
«Miami Open» бәсекесінің келесі кезеңінде Кукушкин босниялық Дамир Джумхурмен кездеседі, деп жазды sports.kz.