Михаил Кукушкин US Open-2023 турнирін жеңіспен бастады
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин Нью-Йоркте өткен АҚШ ашық чемпионатында дебюттік іріктеу матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Кукушкин кортта итальяндық теннисші Маттиа Белуччимен кездесіп, екі сетте жалпы 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат 55 минутқа созылды.
Бұл матч квалификация кезеңінің ширек финалында өтті.
Кукушкин АТР әлемдік рейтингінде (кәсіби теннисшілер қауымдастығы) 243-ші орында, ал Белуччи рейтингтің 184-ші қатарында тұр. Михаил сонымен қатар жекелей сында Қазақстанның үшінші үздік теннисшісі.