13:08, 03 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Михаил Кукушкин US OPEN турнирінің үшінші айналымына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин US OPEN Үлкен дулыға турнирінің үшінші айналымына өтті.

Жарыстың екінші айналымында қазақстандық спортшы әлемнің 17-ші ракеткасы Григор Димитровты 6:3, 7:6 (2), 2:6, 4:6, 6:4 есебімен ұтты. Ойын 3 сағат 17 минутқа жалғасқан.
Кукушкиннің келесі қарсыласы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, хорват спортшысы Марин Чилич болмақ.
АҚШ-тың теннистен ашық чемпионаты - Үлкен дулыға санатындағы төрт жарыстың бірі. Ол қазіргі кезде Американың Нью-Йорк қаласындағы жергілікті Ұлттық теннис орталығының кортында өткізіліп келеді.