Михаил Саакашвили Одесса облысының губернаторы болып тағайындалды

Порошенконың Саакашвилиді Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы етіп тағайындауы туралы Жарлыққа қол қойғанын РБК-Украинаға Украина Президенті әкімшілігінен хабарлаған. Қазіргі кезде Украина президентінің сайтында облыстық мемлекеттік әкімшіліктің жаңа төрағасын тағайындау туралы Жарлық орналастырылмаған.
Саакашвилидің Одесса облысының губернаторы болып тағайындалғаны туралы ақпаратты Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің баспасөз хатшысы Николай Покровский растады. «Сағат 14:30 (жергілікті уақыт бойынша) Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің жаңа басшысын таныстыру өтеді, иә, ол Михаил Саакашвили», - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында. Қазіргі губернатор Игорь Палица баспасөзбен таныстыру өткен соң сөйлесуге дайын, деп қосып өтті Покровский.
Грузияның бұрынғы президенті Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалуы туралы ұсынысты жұма күні Порошенкоға Украина үкіметі жолдаған болатын.
Одан кейін Жоғарғы Рада депутаты Мустафа Найем Twitter-дегі жеке парақшасында Саакашвилидің Украина азаматтығын алғанын хабарлаған. Бұл ақпаратты өзінің микроблогында тағы бір украиналық парламентарий Сергей Лещенко растаған. Тағайындалуы мүмкін туралы ақпараттың таратылуынан кейін Грузияның бұрынғы президенті Facebook-тегі парақшасында Одессаны жақсы көретінін жазған.