Михаил Шайдоров ISU Гран-При финалында 5-орын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Францияның Гренобль қаласында өтіп жатқан ISU Гран-При финалында 5-орыннан көрінді.

Михаил Шайдоров ISU Гран-При финалында 5-орын алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз бүгін еркін бағдарламада 162.49 балл жинады. Ал қос жаттығу нәтижесінде - 253.75 ұпай.

Кеше ол қысқа бағдарламадан кейін 3-орынға жайғасқан.

Көш басындағы америкалық Илья Малинин (2024 жылғы әлем чемпионы, 2023 жылғы Гран-при жеңімпазы) өз орнын сақтап қалды.

Күміс медаль жапониялық Юма Кагиямаға бұйырса, үздік үштікті тағы бір жапониялық Шун Сато түйіндеді.

Айта кетейік, Гран-при финалында ерлерден жекелей сында маусымда көп ұпай жинаған үздік 6 спортшы бақ сынады.

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде аралық екінші орынға ие болғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар