Михаил Шайдоров Қытайдағы гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өтіп жатқан гран-при кезеңінде Михаил Шайдоров қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Мәнерлеп сырғанау
Фото: prosports.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жекелей сындағы еркін бағдарламада 264.46 ұпай жинап, жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Қытайдағы байрақты бәсекеде күміс жүлдеге Шома Уно (Жапония) ие болса, француз өкілі Адам Сяо Хим Фа жеңімпаз атанды.