Михаил Шайдоров Словакиядағы турнирде қысқа бағдарламадан кейін үшінші орында тұр
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан Challenger сериясындағы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламадағы өнері үшін төрешілерден 95,98 ұпай алды. 28 қатысушының барлығы өнер көрсеткеннен кейін Шайдоров үшінші орында тұр.
Бірінші орынға 101,16 ұпай жинаған ресейлік Евгений Семененко шықты. Михаил Шайдоров одан 5,18 ұпайға қалып келеді. Италиялық Даниэль Грассль 99,10 ұпаймен екінші орынға орналасты.
– Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98 ұпай жинап, 28 спортшының арасында үшінші нәтиже көрсетті. Көшбасшыдан айырмашылығы 5,18 ұпайды құрады, – делінген мәліметте.
Үздік бестікке ресейлік Глеб Лутфуллин де енді. Ол 85,70 ұпай жинады. Польша атынан сынға түсіп жатқан Владимир Самойлов 80,59 ұпаймен бесінші орында. Ресейлік Григорий Фёдоров 80,16 ұпай жинап, жетінші сатыға орналасты.
Ондрей Непела мемориалы Шайдоров үшін 2026 жылы Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейінгі алғашқы ресми жарыс болып отыр.
Братиславадағы турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері 26 қыркүйекте еркін бағдарлама қорытындысы бойынша анықталады.
Айта кетейік, Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлемнің үздік үштігіне кірді.