Михаил Шумахер туыстарының дауыстарын сезе бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық журналист Антонио Боселли Михаил Шумахердің өзінің балалары мен әйелдерінің дауысын сезе бастағанын хабарлады. Ол бұл туралы әріптесі Джорджо Терруцwиге сілтеме жасап, Твиттердегі өзінің блогында жазды, деп хабарлады РБК.

«Менің досым және әріптесім Джорджо Терруцwи маған Шумахердің әйелінің және балаларының дауысын естігенде жылағанын айтты. Бұл әрине көңілсіз жаңалық, дегенмен шындап келгенде оның өмірге оралып келе жатқанын да білдіреді», - деп жазды Боселли.

Бұл клиникадан шығып, үйінде оңалту курсынан өтіп жатқан кездегі Шумахердің жағдайынан хабардар еткен алғашқы жаңалық. Шумахер ауруханадан шыққаннан бері оның жағдайы елеулі өзгере қойған жоқ. - ол бұрынғыша қозғала, сөйлей алмайды және сондықтан да туыстарын көргенде сезінуі бұрынғы шабандоздың миы жұмыс жасап тұрғанының бірден-бір белгісі.

29 желтоқсанда Шумахер шаңғы теуіп жүріп, тасқа сүрініп қалып, басымен жартасқа соғылды. Оның басында дулыға бар еді, оны сол сәтте өлімнен құтқарып қалды. Шабандозды тікұшақпен госпитальға алып келді, оған бас миына шұғыл екі нейрохирургиялық операция жасады, бұдан кейін оны жасанды ессіз-түссіз жағдайға келтірді, бұл жағдайда 159 күн жатты.

Дәрігерлер бірнеше ай бойы оның есін жинауына әрекеттенді, өйткені ұзақ уақыт осы күйде жатуы ауыр салдарға немесе өліп кетуіне әкеп соғуы мүмкін еді. Шабандозды мелдикаментоздық ессіз жағдайдан шығару процесі оның пневмонияға шалдығуына байланысты тоқтатылды. Шумахер 20 келі салмақ жоғалтты, мамандар оның диафграмасы істен шығуынан қауіптенді, ақырында оны ессіз жағдайдан шығарды.

Қыркүйек айында ол клиникадан үйіне шығарылды. Қазір ол оңалту курсын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар
telegram