08:44, 27 Тамыз 2020 | GMT +5
Михал Билек «Астана» командасының бас бапкері қызметінен кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» футбол клубы бас бапкер Михал Билектің қызметінен кеткенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиадалық комитет сайтына сілтеме жасап.
«Астана» футбол клубы чехиялық маманға оның жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тілейді. Бас бапкердің міндетін «Питерборо» (Англия), «Вентспилс», «Рига», «Сконто» (барлығы -Латвия), «Ростов» (Ресей), «Саншайнз» (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады. Эшуорттың «PRO» санатындағы бапкерлік категориясы бар. Оның басшылығында командалар УЕФА турнирлері аясында 30-ға жуық ойын өткізген»,-делінген хабарламада.