Микеланджелоның әйгілі Давид мүсініне қауіп төніп тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның сарапшы мамандары мен мұрағатшылары Микеланджелоның әйгілі мүсіні Давидтің сирағы шытынап сынайын деп тұр деп дабыл қағуда, деп жазады БиБиСи.
Микеланджелоның Давид мүсіні бүкіл әлемге танымал туындыларының бірі болып табылады. Мамандардың пікірінше, мүсіннің сирағы осал болғандықтан, мүсін түгелдей құлап қалуы мүмкін. Ұлттық зерттеу кеңесінің өкілдері Флоренциядағы мүсінде жыл сайын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп отырса да, жаңадан жарықшақтар пайда болғандығын айтуда. Зерттеушілер аңыз бойынша алып Голиафты жеңген Давидтің бес метрлік мүсініне қазіргі кезде қауіп төніп тұр деп есептейді. Себебі Микеланджелоның мүсінге пайдаланған мәрмәрі сапасыз екен.