Микроавтобус пен трактор соқтығысып, 13 жасар бала қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Беларусьте микроавтобус пен трактордың соқтығысуынан 13 жасар баланың өмірі қиылды. Бұл жайлы БЕЛТА хабарлайды.

Микроавтобус пен трактор соқтығысып, 13 жасар бала қаза тапты

Брест облыстық атқару комитеті ішкі істер басқармасының мәлімдеуінше, жазатайым оқиға таңғы 7:00 шамасында Каменецкий ауданындағы Мартынюка елді мекенінің маңында болған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «Рено Мастер» автомобилі «Амкодор» маркалы жүк тиегішіне соқтыққан. Жол апаты салдарынан алдыңғы орындықта отырған 2005 жылы туған жолаушы -Украина азаматы қаза тапты.

Қазір тиісті органдар оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.