Қазақстандықтардың екі миллионнан астам жеке дерегі тарап кеткен   

интернет
Фото: Pyxabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz  «Робокеш.кз» ЖШС микроқаржы ұйымының клиенттері болып табылатын қазақстандықтардың 2 миллионнан астам жеке дерегінің таралуын анықтады. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, 36 миллионнан астам Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің жеке дерегі таралып кеткен. Оның ішінде - 23,6 миллионы Ресей Федерациясы азаматтары болса,  5 миллион филиппиндік, 2 миллион вьетнамдық азамат бар. 

Сондай-ақ, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ таратылған деректерге талдау жүргізді, Цифрлық даму министрлігі клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша Азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолдайтын болады.

Цифрлық даму министрлігі Қазақстандықтардың жеке деректері тараған дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.


Соңғы жаңалықтар