Микроқаржы ұйымдарына проблемалық кредиттер бойынша талап күшейтілмек
«Жалпы, микроқаржы ұйымдарына қатысты пруденциялық реттеу қатаңдатылған болатын. Сонымен қатар проблемалық кредиттер үлесін шектеуге қатысты да іс-шаралар қабылданды. Яғни, біз микроқаржы ұйымдарының балансында ескерілген немесе оның балансында ескерілмеген болса да микроқаржы ұйымдары беретін барлық кредитіне 20 пайыздық енгіздік. ол 20 пайыздан аспауы тиіс. мұнан Ары аталған талапты қатаңдатуды жоспарлаудамыз. Жағдайды жіті қадағалап отырамыз. Егер жаңа тәуекелдердің пайда болу белгілі болса, онда аталған талапты қатаңдатамыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, аталған норма формальды емес. Бұл пруденциялық норматив. Аталған шектеу бұзылған жағдайда микроқаржы ұйымына қатысты шара қолданылады. Тіпті лицензиясы да қайтарылып алынуы мүмкін.