23:41, 22 Маусым 2019 | GMT +5
Милад Карими Азия чемпионатындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Монғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық атлет Милад Карими екінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы қол тіреп секіруден финалдық бәсеке қорытындысы бойынша 14.400 ұпай еншілеп, үздік үшінші орынды иеленді.
Бұл сайыс түрінен бас жүлдені қытайлық Минги Хуан жеңіп алса, екінші орынға индонезиялық атлет Мухаммад Апризал жайғасты.
Еске сала кетейік, Милад Карими еркін жаттығудан өткен финалдық кезеңде 14.533 ұпай еншілеп, күміс медаль жеңіп алғанын осыған дейін хабарлаған болатынбыз.
Енді ол тағы екі жаттығу бойынша бақ сынайды. Атап айтсақ, Карими алдағы уақытта керме мен гимнастикалық қоссырықтан сынға түседі. Сонымен қатар, Нариман Курбанов пен Аким Мусаев гимнастикалық ат снарядында ақтық сынға жолдама жеңіп алған болатын.