Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екінші медальды жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Милад Карими Коперде (Словения) аяқталған әлем кубогі кезеңінде екінші медалін жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екінші медальды жеңіп алды

Отандық гимнаст қоссырықпен жаттығудан күміс жүлдеге қол жеткізді. Каримидің ақтық сындағы өнерін төрешілр 14.350 ұпайға бағалаған. Ал бұл жаттығуда бірінші орынды Фрэнк Бэйнс (14.450) иеленсе, кипрлiк Илиас Георгиу 14.150 ұпаймен қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, Карими қол тіреп секіруден өткен финалдық сында сегізінші орыннан көрінді.

Осылайша, қазақстандық гимнасттар Копердегі әлем кубогінен үш медаль жеңіп алды.

Кеше Милад Карими еркін жаттығуда, Ілияс Азизов гимнастикалық ат снарядында күміс жүлдегер атанған болатын.