Милан – Алматы – Милан бағытындағы тікелей жолаушылар әуе рейстері ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 маусымнан бастап Милан – Алматы – Милан бағытындағы тікелей жолаушылар әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрліктің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева италиялық «NEOS» әуе компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Алматы және Милан қалалары арасында халықаралық әуе рейстерін ашу туралы келісім жасады.

Милан – Алматы – Милан бағытындағы тұрақты әуе рейстері биылғы жылдың 12 маусымынан басталады деп күтілуде. Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737 және 787 әуе кемелері арқылы жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар тікелей әуе рейстерінің ашылуы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрмен дамуына тигізетін маңызына назар аударды.


Соңғы жаңалықтар