Милан әуежайында ер адам тіркеу орнын жағып жібермек болды
АСТАНА. KAZINFORM – Босқын мәртебесі бар Мали елінің тумасы Милан әуежайында тіркеу орнын зақымдады. Соның салдарынан билік өкілдеріне бірінші терминалды уақытша жабу қажет болды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Жолақысы жоқ бұзақы азаматтарды тіркейтін орынға тез тұтанатын сұйықтық шашып, өрт қойған және столды балғамен ұрған. Оқиға онына полиция мен өрт сөндірушілер жетті. Оқиға болған жер оқшауланып, өрт сөндірушілер жалынды бірден сөндірді.
-Түтіннің салдарынан қауіпсіздік үшін терминалдардағы адамдар эвакуацияланды. Жалын сөндірілді, зардап шеккендер жоқ сияқты,-деп жазды оқиға куәгерлерінің бірі.
Aeroporto di Milano-Malpensa, arrestato un 26enne del Mali che questa mattina ha dato in escandescenza al Terminal 1 dando alle fiamme e danneggiando con un martello i monitor del check-in numero 13. L'uomo gode di protezione sussidiaria e non aveva precedenti. Evacuato… pic.twitter.com/cZJgrzGaYG
— Ultimora.net (@ultimoranet) August 20, 2025
Мали тумасы әрекетінің мақсаты түсініксіз болып қалып отыр. Қазір ол Варездегі полицияда. Бұзақының тұтқындалуының қаншалықты негізді болғаны Бусто-Арсицио қаласында бейсенбі күні өтетін сот отырысында тексерілетін болады.
Ал Италияда қылмыскерлер британдық лордтың қолынан 175 мың фунт стерлинг тұратын сағатты қалай жұлып әкеткенін мына материалдан оқыңыздар.