Милан метросында күдікті зат табылып, жолаушылар эвакуацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия полициясы Миланның орталық вокзалы маңындағы «Centrale» метро станциясынан күдікті зат тауып, жолаушыларды эвакуациялады, деп хабарлады ВВС агенттігі.
«Полиция Милан метросының М2 және М3 жолдарындағы қозғалысты да тоқтатты», делінген жергілікті БАҚ таратқан ақпаратта.
«La Stampa» басылымының хабарлауынша, «Centrale» станциясында табылған күдікті қорапта жарылғыш зат болған. Оны мамандар қауіпсіз жерге апарып залалсыздандырды.