«Милан - Сан-Ремо» веложарысында Нибали «Астана» командасының капитаны болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» бір күндік «Милан - Сан-Ремо» итальяндық бәсекесіне қатысатын спортшыларды атады. Құрама капитаны Винченцо Нибали болады.
Сондай-ақ жарыста ел намысын: Валерио Аньоли, Эрос Капекки, Ларс Бом, Алексей Луценко, Андрей Гривко, Луис Леон Санчес және Гатис Смукулис қорғайды, деп жазды Vesti.kz.
Еске сала кетейік, «Милан - Сан-Ремо» - итальяндық Милан және Сан-Ремо қалалары арасында жыл сайын өтетін көктемгі классикалық бір күндік веложарыс. Оның қашықтығы 291 шақырымды құрайды. Бұл бір күндік жарыстар ішінде ең үлкені.
Жарыс 19 наурызда өтеді.