Миланда белгілі футбол жаттықтырушысы Энцо Беарзот қайтыс болды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - 1982 жылы Италия құрамасын Испанияда өткен әлем чемпионатының алтын жүлдесін алу дәрежесіне дейін жеткізген итальяндық футбол жаттықтырушысы Энцо Беарзот 83 жасында Миланда қайтыс болды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Миланда белгілі футбол жаттықтырушысы Энцо Беарзот қайтыс болды

Италия БАҚ-ның ақпараттарына қарағанда, Э.Беарзот ұзақ уақыттан бері қатты сырқаттанып жүрген.

Э.Беарзот Италияның ұлттық құрамасын 1975 жылдан бастап жаттықтыра бастаған және 1978 жылы, 1982 жылы және 1986 жылдары ұлттық құраманы әлем чемпионаттарының ақтық сынына дейін жеткізген.