Миланда модель ұрланып, аукционға қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Миланда британдық моделді ұрлап кетті, деп хабарлайды Лента.ру.
11 шілде күні Польшада туған Лукаш Херба (Lukasz Herba) есімді азамат Италияға түсірілімге келген 20 жастағы бойжеткенмен фотосессия жасауы тиіс болған. Лукаш Херба манекеншіге кетамин екпесі (наркоз кезінде қолданылады) жасаған. Британдық есінен танып қалғанда, оны ұрлап белгісіз жаққа алып кеткен.
Херба ұрланған бойжеткенді 300 мың еуро (шамамен 270 мың фунт стерлинг ) бағалап, интернет-аукционға қойды. Ол талап етілген ақшаны биткоин арқылы алуды сұраған.
Оқиға болғаннан кейін 7 күннен кейін адам ұрлаған қылмыскер құрықталды. Тергеу жүріп жатыр.