Аргентина мен АҚШ арасында ортақ не бар

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-та өткен сайлаудағы Дональд Трамптың жарқын жеңісі аясында батыс әлемінде мұның жаңа тенденциялардың пайда болуын білдіруі мүмкін екендігі туралы өте жиі айтыла бастады. Жалпы мәніне келер болсақ, сөз солшыл либералды және социалистік тұжырымдардың дағдарысы мен консервативтік идеологияның күшейуі жайында болып отыр. Бұл жайттан Аргентина да тыс қалмақ емес. Өйткені, билік басына оңшыл либертариандық Хавьер Милей келді. Kazinform агенттігінің халықаралық шолушысы Аргентина мен АҚШ арасында ортақ не бар және Трамптың қатысы қанша деген сауалға жауап іздеп көруге тырысты.

ыфыфыф
Фото: instagram / javiermilei

Милей&Трамп: мемлекеттің рөліне ұқсас көзқарас

Трамптың жеңісі америкалық қоғамның Джо Байден әкімшілігінің солшыл либералды саясатына айтарлықтай наразылық дәрежесін көрсетті. Оның үстіне соңғы уақытта Еуропада да оңшыл консервативті қозғалыстар айтарлықтай күшейіп келеді және бұл көптеген Еуропа елдің саясатындағы солшыл-либералды бейімге қоғамдық реакциямен байланысты. Бірақ, бұл жерде жүйе биыл Франциядағыдай оңшыл консерваторлардың билікке келуіне жол бермейді. Есте болса, 2024 жылдың шілдесінде Францияда оңшылдар мен орталықшылдар Мари Ле Пеннің «Ұлттық бірлестік» ультраоңшыл бірлестігіне сайлаудың екінші кезеңінде жетіске жетуін тежеген болатын. Тағы бір жарқын мысал Италияда болды. Онда «Италия бауырлары» оңшыл радикалды партиядан шыққан Премьер-министр Джордж Мелони саяси орталыққа жақындай түсті.

Мұның үстіне Америка құрлығында қара нәсілділерді жиі мойындай бермейді. Сондықтан, бұл жерде белгілі бір күштердің жеңісінен олардың жақтастары да, қарсыластары да үнемі айтарлықтай өзгерістер күтеді. Осы себепті Трамптың жеңісі асыра үмітті туындатты - күткендердің саяси ынтызарлығына байланысты үлкен үміттерден бастап апокалипсиске дейін.

Осы тұрғыда Аргентина президенті Хавьер Милейдің алғашқылардың бірі болып Трампты құттықтағаны өнеге тұтарлық. Әрине, Аргентина мүлдем АҚШ емес, түбегейлі басқа мәселелер, шешудің басқа әдістері. Олар бір құрлықта орналасса да. Дегенмен, рухани жағынан олар өте жақын, егер осылай айтуға болатық болса. Ең алдымен, мемлекеттің экономикадағы үлкен рөлін қабылдамауымен.

Милейдің ұстанған көзқарасы – либертариндық. Бұл әртүрлі саяси және философиялық көзқарастардың жиынтығы, жалпы мағынада оның әртүрлі көріністерінде бостандықты жақтайтындықты білдіреді. Шартты түрде айтқанда, мемлекетті жоққа шығаратын анархистерден бастап, жеке меншік құқығын абсолюттеумен және мемлекеттің экономикаға болмашы ғана араласуын жақтайтын оңшыл либертариандықтарға дейін.

Милей - оңшыл либертариан. Ол өз-өзін анархо-капиталист деп атайды. Бір қарағанда, бұл көзқарастар эклектикасына ұқсайды. Өйткені анархистер тарихи тұрғыдан оңшылдан гөрі солшыл саналады. Бірақ Милей бірінші кезекте бизнес үшін шектеулерді аса белсенді мемлекеттік реттеуден көреді.

пвапвпв
Фото: instagram/ javiermilei

Егер бүкіл әлемдегі солшылдар мемлекеттендіруге және реттеуге ұмтылса, онда ол, керісінше, реттеуді қысқартуға және кәсіпкерлік бостандығын, оның ішінде либерализм негізі ретінде қолдауға ұмтылады. Шын мәнінде, бұл либерализмге әртүрлі қырынан көзқарас. Солшылдар әртүрлі құқық тұрғысынан, ал оңшылдар экономикалық белсенді тұлғалардың жауапты бостандығы тұрғысынан қарайды.

Әдетте бұл аса танымал идея емес. Бұл саясатқа және сайлауға қатысу үшін алғашқы демократияларда мүліктік цензура ретінде қолданыста болды. Бірақ Аргентинада солшылдардың ұзақ жылдарғы басымдығынан, сонымен бірге солшыл саясатқа оқтын-оқтын түзетулер енгізуге тырысқан ұстамшыл оңшылдардан кейін жағдайдың қиын-қыстау болғаны соншалық, жергілікті жұртшылықтың жай-күйі торығуға дейін жетті. Милей 2023 жылғы президенттік сайлауда көп жағдайда осы жайтқа байланысты жеңіске жетті. Олар жағдайды кем дегенде ішінара өзгерте алатын кез келген, ең түбегейлі шараларға көнуге дайын еді.

Перенизм идеологиясы

Осы орайда Аргентинада солшыл саяси дәстүрдің өте күшті болғанын атап өткен жөн. Ол ұзақ жылдар бойы, кемінде 1946-1955 жылдары, одан кейін 1973-1974 жылдары президент болған Хуан Перонның билігі тұсында басталды.

Аргентина
Фото: Canva

Перон өте қызықты адам және көрнекті саясаткер болғаны сөзсіз. Дегенмен, оның атымен тұтастай перонизм идеологиясы аталады. Оны оның жақтаушылары капитализм мен социализм арасындағы үшінші жол ретінде қарастырады. Алайда, жалпы алғанда сөз мемлекет ресурстардың басты бөлушісі болған кездегі шартты түрде мемлекеттік капитализм жайында болады. Ол экономиканың негізгі секторларын бақылайды, егер ол қажет деп санаса және ресурстарды белсенді әлеуметтік саясат үшін пайдаланса, онда ұлт меншігіне айналдырады.

Мұндай идеологиялық тұжырымдамаға сәйкес, ескі кеңестік заманда оны саяси-экономикалық деп атаған болар еді, көбісі қолдайтын еді. Сонымен қатар, Перон ультраоңшылдарға да, ультрасолшылдарға да бірдей жанашырлық танытты деген пікірлер бар. Ол КСРО-мен жақсы қарым-қатынаста болды және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Аргентинаға Германиядан фашистік эмигранттарды қабылдады. Бірақ оның моделі аталған елдерден айтарлықтай ерекшеленгенімен көптеген ұқсас белгісі болды. Мысалы, КСРО-дан айырмашылығы, оның нарығы болды. Бұған Латын Америкасының эмоционалдығын қосқан жөн. Сондықтан Перонды, сондай-ақ оның әйелі Эвитаны қоғам жақсы көрді.

Қаржы дағдарысы және реформалар

2023 жылы Аргентина бюджетінің тапшылығы 2 трлн песоны (120 млрд доллар) құрады. Бұл елдің ішкі жалпы өнімінің 15 пайызына тең. Оны жабу үшін Орталық банк ақша эмиссиясын жүргізіп, салдарынан ақша жиыны артып кетті. Бұл жайт бір айдың ішінде 15 пайызға жеткен инфляцияға себеп болды. Милейдің өзі күніне 1, ал жылдық мәнде 270 пайыздық инфляция туралы айтқан еді.

Аргентина соңғы бірнеше онжылдықта үнемі қаржылық дағдарыс жағдайында болды. ХХІ ғасырда ол өз міндеттемелері бойынша үш рет дефолт жариялады. ХХ ғасырда тағы 6 рет жариялаған болатын. 2023 жылдың соңында оның қарыздық міндеттемелері 407 млрд долларды құраса, оның 44 млрд доллар Халықаралық валюта қорынан алынған. Бұл ХВҚ бүкіл әлем бойынша берген соманың шамамен 25 пайызына тең. 2023 жылдың желтоқсанында халықтың 49,5 пайызы кедей саналды. Түптеп келгенде бұл Аргентина қоғамын ашындырып, биліке басына дәстүрлі оңшыл саясаткерді емес, либертариандықты алып келді. Милей орталық банкті жауып, мемлекеттік шығындарды түбегейлі қысқартуға уәде берді.

Ол бірінші кезекте мемлекеттік шығыстарды қысқарты. Атап айтқанда, министрліктер санын азайта отырып, 50 мың мемлекеттік қызметшіні жұмыстан босатты.

Бұдан басқа, мемлекеттік жобалардың құрылысы тоқтатылды, өңірлерге трансферттер қысқартылды, коммуналдық қызметтерге субсидиялар алынып тасталды, бюджет қызметкерлерінің жалақысы төмендетілді, қоғамдық жұмыстар тиылды. Мұның бәрі халық үшін өте ауыр болды. Халықтың шығындарының ұлғайуы және субсидиялардың азаюы есебінен елдегі кедейлік шамамен 52 пайызға дейін өсті. Жұмыссыздық 5,7 пайыздан 7,7 пайызға дейін өсті. ЖІӨ 5,1 пайызға төмендеді.

Реформалардың ең басында Милей ұлттық валюта песоның бір сәттік құнсыздануын екі еседен астамға жүргізді - бір доллар үшін 366 песодан 800 песоға дейін. Бұл Аргентинада бірнеше валюта бағамдарының болуына байланысты еді. Олардың ең тиімдісі мемлекет тарапынан реттелді. Сонымен қатар, девальвация экспортты қолдауы керек болды.

АҚШ және Аргентина
Фото: Canva

Жалпы, қатаң шаралар қабылданды десек те болады. Нәтижесінде тұтынушылық инфляция 2024 жылдың соңында айына 2,7 пайызға дейін төмендеді. Бұл 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 10 есе дерлік төмендеу. 2025 жылы билік инфляцияны 18,3 пайызға жетуді жоспарлап отыр. Содан кейін бір мәнді деңгейге дейін төмендемек. 2024 жылдың басынан бастап мемлекеттік бюджет профицит бола бастады. Мамыр айында профицит 2,33 трлн песоны (2 2,7 млрд) құрады. Милей сайлау науқаны кезінде уәде еткеніндей, Орталық банкті әлі жапқан жоқ. Бірақ бюджеттің профициті мен қамтамасыз етілмеген ақша шығарудан бас тарту аясында песо функционалды валютаға айнала түсті.

Жалпы, Милей өз міндеттемелерін орындады. Экономика макроэкономикалық деңгейде біршама теңдестірілді. Дегенмен мемлекеттік шығындарды азайту саясаты аясында көптеген бағдарламаның жабылуы аясында кедейліктің өсу бар. Дегенмен, Аргентина қоғамында оны қолдау төмендеген емес.

Неліктен Аргентина президенті Трамптан қолдау күтеді

Милей белгілі бір мағынада либерал, дегенмен популистік мағынада да. Ол қоғамның, сонымен қатар Перон мұрагерлері партиясындағы мықты солшыл популист қарсыластарының сүйіспеншілігі үшін күресуі керек. Ерте ме, кеш пе эйфория өтеді, кедейшілік сақталады. Сонда солшылдар мемлекеттік шығындар мәселесін көтереді.

Сондықтан да Милей мемлекеттің рөліне қатысты көзқарастары жақын Трамптан қолдау іздейді. Атап айтқанда, ол БАҚ-қа берген сұхбатында Трамптың ықпалды серіктесі Илон Масктың Аргентинаның Қайта реттеу министрлігінің жұмысына қызығушылық танытқанын, бұл оның Американың жаңа президенті әкімшілігіндегі ықтимал міндеттеріне ұқсас болуы мүмкін екендігін айтты. Сөз Үкімет тиімділігі департаменті дайында болып отыр. Осы ведомствоны Маск тағы бір республикашыл Вивек Рамасвамен бірге алдағы уақытта басқаруы тиіс.

Әрине, Хавьер Милейдің аргентиналық эксперименті немен аяқталатындығы жайлы айту қиын. Қалай дегенде де, ол шынымен де батыл адам әрі саясаткер. Мүмін ең маңыздысы солшыл либералды идея АҚШ-та, Еуропаның кейбір елдерінде әлі танымал бола қоймаған кезде оның трендке дөп түсуі шығар.

Соңғы жаңалықтар