Милла Йовович жүктілігіне байланысты барлық рөлдерден бас тартуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 38 жастағы әртіс Милла Йовович жақында берген сұхбаттарының бірінде екінші рет бала сүюді жоспарлап жүргенін айтты. "5 элемент" және "Обитель зла" фильмдерінде басты рөлді сомдаған әртіс бұл оның алға қойған басты мақсаты екенін жеткізді.

Милла Йовович жүктілігіне байланысты барлық рөлдерден бас тартуда

Актриса уақыт өте келе, бала туып, оны өсіру қиындайтынын атап өтті. Оның жанұясы тағы бір баламен толыққанын өзі ғана емес, 49 жастағы күйеуі Пол Андерсон және олардың 6 жасар қызы Эвер де қалайтын болып шықты.

Бұл мақсатына жету үшін Милла Йовович түрлі фильмдерге түсу ұсыныстарынан бас тартқан, деп хабарлады шетелдік БАҚ.