Миллиардер Джефф Безос 20 шілдеде ғарышқа ұшпақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Amazon мен Blue Origin ғарыштық компаниясының бас директоры Джефф Безос шілдеде ғарышқа ұшпақшы. Бұл туралы миллиардердің Іnstagram-ында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Миллиардер Джефф Безос 20 шілдеде ғарышқа ұшпақ

«Бес жастан бастап мен ғарышқа ұшуды армандадым. 20 шілде күні бұл сапарға ініммен бірге аттанамын. Бұл ең жақын досыммен өткеретін есте қаларлық сапар болмақ», - делінген Безостың жазбасында.

Blue Origin шілдеде Безос пен оның інісінің New Shepard басқарылатын ғарыш кемесінің бірінші сапарына ұйымдастырылған аукцион жеңімпазымен бірге ғарышқа ұшатынын растады.