15:38, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Миллиардер Нью-Йорктегі егіз мұнараның төңірегіндегі жерді сатып алмақ
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Американдық танымал миллиардер Дональд Трамп Нью-Йорк өкіметіне 2001 жылы лаңкестік әрекеттен кейін құлаған Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасы орналасқан жердің төңірегіндегі телімді сатып алуды ұсынды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Американдық миллиардер сол жерге мешіт салғалы отырған мұсылман қауымы өкілдерінен 25 пайызға көбірек ақша ұсынып отыр, дейді дереккөз.
Трамптың айтуынша, ол «онсыз да күрделі жағдайды ушықтырудың алдын алу мақсатында және өте қауіпті жағдайды шешу үшін» Нью-Йорк тұрғыны және аҚШ азаматы ретінде осындай шешім қабылдап отырған көрінеді.
2001 жылы қыркүйектің 11-інде егіз мұнара құлаған жерге жақын маңдағы жер телімі шамамен 5 миллион доллар тұрады.